Украинаның жергілікті үкіметі Луганкс, Донецк облыстарының тұрғындарын тезірек көшуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның жергілікті үкіметі Луганкс, Донецк облыстарының тұрғындарын тезірек көшуге шақырды

07.04.2022

Украина әскері елдің индустриалдық шығысы Донбасста шешуші шайқасқа әзірленіп жатыр. Сол үшін жергілікті үкімет Луганкс, Донецк облыстарының тұрғындарын уақыт оздырмай, тезірек көшуге шақырды. Украина президенті Владимир Зеленский ескерткендей, Ресей әскері шығыста қайта топтасып, үлкен шабуылға дайындалып жатыр.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Мәскеу Украинаның Киев және Чернигов облыстарындағы 24 мың жауынгерін толық алып кетіп, оларды Беларусь, Ресейге жіберіп, қайта жабдықтап, жаңадан ұйымдастырып, содан кейін Донбассқа жөнелтпек.

Айта кетсек, өткен айдың соңында Кремль енді бар күшті Донбассты азат етуге жұмылдыратынын жариялағаны белгілі. Мұндағы Луганкс облысының 90%, Донецктің жартысынан астамы Мәскеу мен оған жақтас көтерілісшілер бақылауында.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу