Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды. Нұржан Нұржігітовті аймақ активіне Премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды. 55 жастағы жаңа аймақ басшысы бұған дейін Байзақ ауданын басқарған. Облыстық мәслихат депутаттары оның кандитатурасын бірауыздан мақұлдады. Аймақ активімен кездесуде Премьер-министр Бердібек Сапарбаевтың облыстың дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға қосқан үлесіне тоқталып, атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен Қызылорда облысының әкімі де ауысты. Гүлшара Әбдіқалықованың орнына бұл қызметті енді Нұрлыбек Нәлібаев атқармақ.
Досжан Маратұлы