Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына 300 млн доллар шығын келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына 300 млн доллар шығын келген

07.04.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайына 300 млн доллар шығын келген. Сондай-ақ стратегиялық нысан 6,5 миллон доллар болжамды табысынан қағылған. Бұл туралы компания президенті айтты. Дегенмен, әуежайдың басқарушы компаниясы мемлекетке шығынды өтеуге байланысты өтініш жасамаған. Қазір нысанда жаңа терминал құрылысы жүріп жатыр. Ғимарат сыртқы келбетін сақтап қалғанымен, ішін заманауи талаптарға сай жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл бағытта 200 млн доллар инвестиция тартылмақ. Қазір Алматы әуежайы күніне 16 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта нысанның өндірістік қуатын, қызмет көрсету сапасы мен ұшу қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сәйкес арттыру жоспарланған.

Алп Ер Тұнга Ерсой, Алматы халықаралық әуежайы АҚ президенті:
Біз әуежай шығынын өтеу бойынша сақтандыру компаниясына шағым бердік. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезіндегі қызметкерлер әрекеті бойынша ішкі тергеу жүріп жатыр. Қазір бізде арнайы қауіпсіздік бағдарламасы бар. Нысан аумағында жеке қауіпсіздік қызметі жұмыс істей бастады. Төтенше жағдай кезінде шұғыл әрі тиімді әрекет ету үшін арнайы жоспар құрдық.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу