Кірме жолдарды қадағалайтын компаниялардың қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кірме жолдарды қадағалайтын компаниялардың қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді

08.04.2022
Кірме жолдарды қадағалайтын компаниялардың қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді

1 ақпаннан бастап кірме жолдарды қадағалайтын 21 компанияның («КСО» АҚ, «Arman Kala Limited» ЖШС және басқалары) қызмет көрсету тарифі 80% төмендеді

Үкімет қызмет көрсету кезінде өз жағдайын теріс пайдаланатын жосықсыз субъектілерді анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда еліміздегі кірме жолдар қызметін көрсететін 120-дан астам субъектіге тарифтер төмендетілген.

Қабылданатын шаралар тасымалданатын тауарлардың (жүктердің) түпкілікті құнына оң әсер етеді және кәсіпкерлердің аталған қызметтерді төлеу шығыстарын айтарлықтай төмендетеді.

Хабарламаларға жазылу