Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

08.04.2022

Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен отбасылармен кездесті.

«Аманат» партиясы фракциясының мүшелері 47-ші мектепте орналасқан эвакуциялық бекетке барды. Азық-түлік, балаларға ойыншық пен тазалық құралдарын берді. Қазір бұл жерді 76 адам уақытша паналап отыр. Оның 41-і – бала. Барлығына да қолдан келген көмек көрсетіліп жатыр. Қала тұрғындары мен еріктілер де қол ұшын созып жүр. Депутаттар Зинченко көшесіндегі жолды қарап шықты. Қазір аумақ қалпына келтірілген. Дегенмен алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сазды өзені арқылы өтетін көпірдің де жағдайы мәз емес. «Ал Ақтөбе су қоймасының жұмысы қалыпты, секундына 200 текше метр су жіберіліп тұр», – дейді депутат.

Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Соңғы 3 жыл ішінде көктемде тек 40% суды жинап, осы су қоймаға түсетін еді. Сондықтан күзге таман су жетпей, бау-бақша, ауыл шаруашылығына аздап қиналатын еді. Қазір жағдай Ақтөбе өңірінде қалыпты деп айтуға толық мүмкіндік бар.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу