2025 жылға дейін еліміздегі балалар 100% тегін үйірмелермен қамтылады. Бұл туралы «Аrtsportedu» ұйымының ашылуында балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин мәлімдеді. Қазіргі таңда 4-17 жас аралығындағы 745 мыңнан астам бала үйірмелерге тегін қатысып жүр. Мемлекет басшысы қолдаған бастаманың 1 жылдық қорытындысы бойынша 9 мың ваучер тіркеліп, 25 мың жаттықтырушы жұмыспен қамтылды.
Айта кету керек, дәл осы бағдарламаның инклюзивті бағыты да қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін ата-ана шахмат, таэквондо, күрес, волейбол мен өзге де бағыттағы секцияны таңдап, балаларын бере алады.
Гүлжан Нұрбекқызы, «Аrtsportedu» қоғамының төрайымы:
Балалар 58 үйірме түрінің ішінен таңдай алады. Әр бала 2 тегін үйірмеге немесе 1 спорттық секция мен 1 тегін үйірмеге бара алады.
Алла Гаврина