Ресей әскері Украинаның Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына зымыранмен соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері Украинаның Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына зымыранмен соққы берді

08.04.2022

Бүгін Ресей әскері Украинаның Краматорск қаласының теміржол вокзалына 2 зымыранмен соққы беріп, 30-дан астам адамды мерт қылды. Сонымен қатар 100 шақтысы жараланған.

Ресей әскері Донбассты алу үшін жаңа шабуылға әзірленіп жатқандықтан, жергілікті халық қазір пойыздармен басқа өңірлерге қашып жатыр. Сондықтан Донецк басшылығының хабарлауынша, шабуыл кезінде станцияда мыңдаған адам болған.

Мәскеу қайғылы оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Алайда ақпанның 24-нен бері Ресей қорғаныс министрлігі Украинада бейбіт халықты нысанаға алмағанын мәлімдеп келеді

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу