Қызылордада оқушыны көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада оқушыны көлік қағып кетті

08.04.2022

Қызылордада жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан оқушыны көлік қағып кетті. Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Темір тұлпардың қатты жылдамдықпен келгені сонша, 10 жастағы қыз бала бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Зардап шеккен жасөспірім дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірін арашалап қалды. Түрлі дене жарақатын алған оқушы ауруханада тиісті ем-домын алуда. Ал жол ережесін өрескел бұзған жүгенсіз жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеу амалдарын бастап кетті. Өз кінәсін мойындаған күдіктіге ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу