10 сотық тегін жер алуға кей өңірлерде онлайн өтініштер қабылданбай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 сотық тегін жер алуға кей өңірлерде онлайн өтініштер қабылданбай жатыр

08.04.2022

10 сотық тегін жер алуға кей өңірледе онлайн өтініштер қабылданбай жатыр. Бұл қызмет сәуірден бастап Егов порталында қол жетімді. Алайда өтініш беру кезінде "техникалық қателік" немесе "кезекке қою уақытша мүмкін емес" деген жауап келеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, бұған еговтың қатысы жоқ. Электронды Үкімет штатты режимде жұмыс істеп тұр. Айтуларынша кейбір аймақ әкімдіктері өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтата тұруды сұраған екен. Жақында барлығы қалпына келеді. Айта кетейік, 10 сотық жер алуға онлайн өтініш қабылдау басталғалы 100 мыңнан астам адам бұл қызметті пайдаланып үлгерген. Алайда кешелі бері кезекке тұру қиындаған.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу