Алматы облысы, Абай ауылының маңында медициналық қалдықтар шашылып жатыр. Осылай деп арнамызға шағымданған жергілікті тұрғындар зиянды заттар қоқыс полигонының сыртына төгілген деп дабыл қақты. Расында шприцтер, инелер, ішінде сараптамаға алынған қаны бар пробиркалар мал жайлатын жерде ашық жатыр. Ең сорақысы адамның дене қызуын өлшейтін термометрлер ашық шашық төгілген. Ал термометрдің ішінде радиоактивті сынап бар екені белгілі. Медициналық қалдықтардың сыртындағы қағаздардан бұл заттар Ескелді, Қаратал аудандық ауруханалары мен Талдықорғандағы инфекциялық аурухананға тиесілі екенін анық аңғаруға болады. Тіпті ол жерде медицина қызметкерлерінің аты-жөніне дейін жазылып, қолы қойылған ыдыстарды да байқауға болады. Дәл қазір бұл жағдай бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Қуаныш Қанатұлы