Жамбыл облысының әкімін қабылдаған мемлекет басшысы Нұржан Нұржігітовке бірқатар тапсырма берді. Бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру мен инвестиция тарту жаңа әкімнің алдындағы басты міндеттер. Өз кезегінде аймақ басшысы өңірге тартылған инвестиция көлемі 63 миллиард теңгеге жеткенін айтты. Сонымен қатар, биыл өңірде құны 100 миллиард теңгеден асаты 15 инвестициялық жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысына биыл Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынатыны туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, өңірдегі егіс алқабы 9 мың 200 гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы 11 пайызға жаңартылмақ.
Саламат Омаш