Сантьяго Бернабеу стадионында өткен қарымта кездесуде Лондондық Челси «Реал Мадридтен» 3-1 есебімен басым түскен. Қос ойынның нәтижесі бойынша тең түскен командалар кім мықтыны қосымша уақытта анықтады. Ойынның 95-ші минутында «Реалдың» капитаны Кәрім Бензема баспен гол салып, командасына жартылай финалға жолдама алып берді. Ал, алғашқы кездесуде 0-1 есебімен жеңілген неміс машинасы – «Бавария» қарымта кездесуде Испанияның «Вильяреалымен» тең ойнап, жарыстан шығып қалды. Осылайша испандық қос команда енді «Ливерпуль-Бенфика», «Атлетико-Манчестер Сити» жұптарының жеңімпаздарымен бақ сынасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=УЕФА: Жартылай финалға шыққан қос команда анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/155941/)