Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, 2 адам үйінді астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, 2 адам үйінді астында қалды

13.04.2022

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметіне сай, табиғат апаты таулы аймақтың «Жастар» шыңында болған. Қазір оқиға орнында 30-ға жуық адам мен 6 арнайы техника жұмысқа кірісті. Жоғалғандарды іздестіруге кинолог мамандар да тартылған.

Еске салайық бұған дейін төтенше жағдайлар қызметі сәуір айының 9-ы мен 13 -і аралығында тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткен.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу