Коронавирустық локдаун. Шанхай көшелері бос тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустық локдаун. Шанхай көшелері бос тұр

13.04.2022

Бүгінгі Шанхайдың көрінісі ақырзаман туралы фильмдердегі кадрларды еске түсіреді. 25 миллиондай тұрғыны бар мегаполис көшелері қаңырап бос тұр. Дүкендер, дәмханалар жабық. Көлік қозғалысы да шектелген. Қала әкімшілігі ковидке байланысты локдаун жариялаған. Оны бұзғандарға қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Вирус бір тәулікте 25 мыңдай адамнан табылған. Науқастардың көбінде коронавирустың симптомсыз түрі анықталды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу