Ақмола облысы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды. Криминалдық полиция басқармасының бастығы мен қылмыстық топтарды анықтау бөлімінің жедел уәкілі «лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша күдікке ілінді. Олар қазір қамауға алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы департаменті мен Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп өткізген арнайы операция кезінде күдіктілерден тергеліп жатқан іске қатысты ақша тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ермек Елберген