Шаруаларға утилизациялық алымнан берілген сертификат - жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға утилизациялық алымнан берілген сертификат - жарамсыз

13.04.2022

Шаруаларға утилизациялық алымнан берілген сертификат - жарамсыз. Депутат Сырым Ертаев азаматтардың алған сертификаты жеңілдік ретінде есептелмей, онда көрсетілген соманың ескерілмей отырғанын жеткізді. Мысалы, Түркістан облысында шаруалар техниканы өткізіп, сертификат алып, жылды жаңа техникамен бастаймыз деп отырған. Алайда жауапты мекемелер арасында шешілмеген мәселе салдарынан не техника жоқ, жер де жыртылмаған. Тіпті 4 мыңнан аса жеңіл көлік утилизацияға өтіп кеткенімен, көлік иелерінде ақша жоқ. Сырым Ертаев мәселені тез арада шешуді сұрады.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу