Үш айда 13 мыңға жуық ресейлік Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алып үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш айда 13 мыңға жуық ресейлік Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алып үлгерді

13.04.2022

Үш айда 13 мыңға жуық ресейлік Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алып үлгерді. Беларусьтен де ат басын бұрғандар аз емес. Олар экономикалық тұрақсыздық пен санкциялық қысымнан қашып отыр. Келгендердің көбі арнайы білімді қажет ететін кәсіп иелері. ІТ мамандар да бар. Жекелеген адамдар ғана емес шетелдік меншік нысанындағы компаниялар да көбейген. Сәуірде 32 600-ден аса мекеме тіркелді.

Минсктен келген ІТ маманы Олегтің Қазақстанда жеке компаниясы бар. Компьютерлік-бағдарламалық қамтумен айналысады. Банк, телекоммуникация бағытында машықтанған. Тапсырысты Скандинавия елдері, АҚШ пен Англиядан алып отыр. Белорусьтегі жылы орнын тастап кетуіне санкциялық тұрақсыздық түрткі болған. Содан таңдауы бізге түсіпті.

Олег Липунов, ІТ компания басшысы: /Беларусь/
Қазақстанда қандай да бір санкциялық қысымның жоқтығы – таңдау жасауымдағы негізгі факторлардың бірі. Бейтарап мемлекет. Оның үстіне Астана хаб ұсынған шарт та ұнады. Елдің құрған кластері қолайлы. Ақпаннан бері Қазақстан жеке сәйкестендіру нөмірін алып, осында қызметтемін. Еңбек келісім шарты бұзылғанша еркін жүреміз.

Тек Минск емес, Мәскеуден келгендер де көп. Биылғы үш айда 12 мың 900-дей ресейлік жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Әсіресе наурызда олардың саны күрт өсті. Александра солардың бірі. Санкцияның салқынынан қорқып Қарағандыға келді.

Александра Николаева, Геймдизайнер: /Ресей/
Әрине, оның бәрі қолайсыз жағдай. Жұмысқа кері әсерін тигізеді. Өйткені, бәрі алаңдайды, бәрі уайымдайды. Бұл еңбек өнімділігін төмендетеді.

Жалпы, ЖСН алу үшін Қазақстанда болу міндетті емес. Сенімхат негізінде де жасалады. Құжат қандай жағдайда қажет. Кесте: Банкте шот ашқанда. Қазақстанда орналасқан көздерден табыс немесе салық салынатын мүлікті сатып алғанда. Мысалы, көлік. Сондай-ақ Қазақстан резиденті – заңды тұлғаның басшысы немесе резидент емес – заңды тұлға филиалының басшысы болып тағайындалғанда керек. Биыл ақпаннан бастап 12 мыңға жуық банк шоты ашылды. Резиденттер негізінен Ресей мен Беларусьтен.

Дәурен Несінбаев, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының басшысы:
Нәтижесінде аталған елдердің Қазақстан шоттары барлары 162 мыңға жетті. Ресей резиденттері жыл басынан бері өскен. Ақпан соңынан бері 7 ресей компаниясы банк шоттарын ашты. Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті.

Елде 15 мыңнан аса шетелдік қызмет бабымен жүр. Оларды жұмысқа қабылдау 4 санат бойынша іске асады. Кесте: Басшы мен орынбасарлары, құрылымдық бөлімше жетекшілері, мамандар мен білікті жұмысшылар. Маусымдық еңбекке тартылып, корпоративтік ауысумен келгендер де бар. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісімнен бөлек, геосаяси жағдайдағы көштің ағынына тосқауыл бола алмаймыз,-дейді сарапшы. Сондықтан көршілерге қатысты "сен, бірақ тексер" қағидатын қатаң ұстанған абзал. Келгендердің бәрін миграциялық қана емес, әлеуметтік тіркеуге де алу керек.

Жазира Тұрсынбекова, Әлеуметтанушы:
Өйткені, салық төлейді, экономикалық тұрғыдан оң көріністер болуы мүмкін. Экспорт көбеюі мүмкін, бизнес дамуы мүмкін деген сияқты. 00:56 Және әр түрлі әлеуметтік қолдаулар қажет. Сондықтан үкімет тарапынан реттеу, қадағалау жұмыстары қажет. Арнайы мигранттармен қалай жұмыс істеу жөнінде кәсіби біліктіліктерін арттырып бізге арнайы әлеуметтік қызметкерлер даярлау керек.

Көрші ел азаматтарының көшіп келуі міндетті емес, біздің банк карталарын пайдаланады. Себебі, олардың көптеген қаржы институтының жұмыстарына тосқауыл қойылған. Бірақ, ықтиярхат алуға өтініш білдіргендер саны өскен. Былтыр көрсеткіш 400 адамға дейін болса, биыл мыңға жуықтапты. Тағы 170 ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген,-деді ішкі істер министрлігі.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу