Атырау облысындағы Ойыл өзенінің тасуына байланысты, Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы Ойыл өзенінің тасуына байланысты, Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

14.04.2022

Атырау облысындағы Ойыл өзенінің тасуына байланысты, Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазір, Миялы ауылына су басу қаупі төніп тұр.

Жандос Темірғали, тілші:

Тасқын күшейе түскен соң, аудан билігі төтенше жағдай жариялап, амалсыздан «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын бір жерден жыруға тура келді. Осылайша олар ауылдың дәл іргесінде жиналған мол су қорын, ені 3 метр болатын жыра арқылы осы өлкедегі суға зәру Тайсойған ауылына қарай бағыттап жатыр. Аудандық билік тасқын қауіпінің жоғары екенін жасырмайды.

Айдулат Кенжебеков, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:

Күн сайын су өсіп, бүгін ауылды басу қаупі басым болды. Осы қауіпті жою мақсатында Миялы Қарабау Индер облыстық маңыздағы тас жолы астындағы су өткізгіштің арасынан судың аз мөлшеріне өтуіне байланысты, суды тіреп тұрған болатын. Жиналған суды келесі бетке көп мөлшерде өткізу мақсатында тас жол жырылды.

Жандос Темірғали, Тілші:

Бұл видеоларды тұрғындар жіберіп жатыр. Жағдай минут сайын өзгеріп тұрғандықтан, дөп басып айту қиын. Дегенмен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, 300 эвакуациялық орын дайындалған. Қосымша сұратылған 14 су соруға арналған техника көршілес Индер ауданынан түс ауа жеткізілді. Бұрыннан бар 5 шақырым бөгет жөнделіп, қосымша тағы жаңадан 3 шақырым бөгет салынды. Бірақ екпіні қатты су бөгеттің кейбір тұстарын бұзып кетіп жатыр. Үшінші сәуірден бастап, бүгінге дейін 125 млн текше метрден астам су келді. Өзен деңгейі 3 жарым метрден асты. Қазір арнайы штаб оқиға орнында жұмысқа кірісті. Дәл осыған ұқсас мол су соңғы рет Миялыға 1993 жылы келіп, ауылды жайпап кеткен еді.

.Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу