ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді

14.04.2022

ВТБ, Сбербанк пен Альфа-банк KASE-дегі бағалы қағаздар саудасынан шеттетілді. Енді елдегі ресейлік банктер қор биржасында еуро және доллармен жасалған сауда-саттыққа қатыса алмайды.  Қазақстандағы Альфа-банкке қатысты санкция 6 мамырдан бастап күшіне енеді. Тұрғындар бұл банктегі ақшасын жаппай алуға көшкен. Өткен аптадан бері азаматтар 100 млрд теңгені қайтарып алған. Осыған байланысты банк ақша алуға шектеу қойды. Альфа-банктің салымшылар алдында 445 млрд теңге міндеттемесі бар. Ол несие портфелі есебінен жабылады. Қаржы нарығындағы ойыншылар арасында Альфа-банк 11-ші орында тұр. Оның биылғы активі 908 млрд теңгеден асқан.   

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу