Атырау облысындағы Ойыл өзенінде тасқын қауіпі сейілді. Миялы ауылының іргесіне келген су деңгейі бір метрге дейін түскен. Құзырлы орган өкілдері мен ауыл тұрғындары түнімен табиғи апатты болдырмау үшін күш салды. Қосымша бөгеттер тұрғызып, қауіптің бетін қайтарды. Кеше жауаптылар Миялы-Қарабау-Индер облыстық маңыздағы жолын жыруға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде жиналған су біртіндеп Қамыскөлге құйылып, тіршілік нәріне зәру Тайсойған ауылына қарай бағытталды. Тасқыннан зардап шеккендер мен бүлінген нысандар жоқ. Арнайы штаб жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Ауданда жарияланған төтенше жағдай әлі де күшінде.
Жандос Темірғали