Ресейлік кеме теңізге батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік кеме теңізге батып кетті

15.04.2022

Бүгін таңертең Киевте жарылыстар болды. Бұл - ақпанның 24-де елге Ресей армиясы кіргелі болған ең жойқын жарылыстар деп, хабарлайды Рейтер агенттігі.

Ал, Қара теңізде «Москва» атты әскери кеме өртенгеннен кейін суға батып кетті. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі растап отыр. Украина қарулы күштері крейсерді зымыранмен атқан. Мәскеу мұны әзірге мойындамай отыр. Кеменің бортында оқ-дәрілер жарылғандықтан, одан 500-дей адам эвакуацияланған.

Президент Владимир Зеленский болса, Батыс мемлекеттерін Украинаға тезірек қару беруге шақырды. Және де ол Ресей мұнайын алып жатқан Еуропа елдерін «өзгенің қанымен пайда тауып» отыр деп айыптады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу