Алматыда көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаған күдікті ұсталды. Осыдан бір апта бұрын мегаполиске табыс табу үшін келген қылмыскер, жеңіл жолмен күн көруді ұйғарған. Ол тұрғын үйлердің аулаларында бөтен көліктердің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, иесіне, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге «сатып алу» туралы ұсыныспен хат қалдырып отырған. Күдікті кінәсін мойындап отыр. Қазір оның басқа осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Айта кету керек күдікті бұған дейін де дәл осындай жымысқы әрекеті үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Күдікті:Нөмірлерін шешіп алып, иелерінен ақша сұрадым. Жеті нөмір саттым.