Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Жоғарғы Сот меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Жоғарғы Сот меморандумға қол қойды

15.04.2022

Қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Жоғарғы Сот меморандумға қол қойды. Тараптар алдағы 5 жылда әсіресе заң талабын бұзған ұйымдармен күресіп, борышкерлердің мүддесін қорғауға ниетті. Банктік қарыз бен микрокредиттер беру кезінде туындайтын дауды сотқа дейін, соттан тыс шешуге басымдық береді. Сонымен бірге коллекторлық агенттіктер мен қарыз алушы арасындағы мәселені де сотқа дейін шешу үшін баламалы институттарды кеңінен қолданады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу