Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл

15.04.2022

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл. Осыған орай Мемлекеттік хатшының төрағалығымен республикалық комиссияның отырысы өтті. Ерлан Қарин мерейтойға арналған іс-шараларды сапалы өткізу керегін айтты. Мемлекеттік хатшы 2020 жылы көк байрағымызды пайдалануға қатысты өзгерістер енгенін атап өтті. Нәтижесінде қазір туымызды кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Бұл мәселені тағы да пысықтау қажеттігі айтылды. Жалпы рәміздер күніне орай еліміз бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу