«Astana Ballet» хореографиялық би ұжымы Санкт-Петербургте өтетін халықаралық фестивальге қатысады. «Ақ түндердің жұлдызы» деп аталатын концертке әлемнің түкпір-түкпірінен бишілер келеді.
22-ші музыка фестивалінде «Astana Ballet» «Әлем» атты бір актілі қойылымын ұсынады. Бұл - жас ұжымның халықаралық дәрежедегі фестивальге алғаш қатысуы.
Бір жыл ішінде өнерлері жоғары бағаланған топ әлемдік шарада ойдағыдай өнер көрсететіндеріне сенімді. Қазір «Astana Ballet» репертуарында 50-ден астам би бар. Оның екеуі - спектакль.
Би ұжымы бұған дейін гастрольдік сапармен Қытайдың Бейжің және Шанхай қалаларында болды. Алдағы уақытта Еуропаны араламақ.
Айгүл Тати, «Аstana Вallet» би ұжымының бас балетмейстері:
Бізге Мариинский театрының сахнасында өнер көрсету - үлкен мәртебе және сын. Балаларға тәжірибе болады. Олар өнер тарландарын көріп, олардың тәжірибесін алады және өнерлерін көрсетеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ