Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді

18.04.2022

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қоймақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығы шықты. Қазіргі уақытта бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды. Күшіне енген күннен бастап 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Бидай мен меслинге 1 млн тонна, бидай немесе қара бидай ұнына 300 мың тонна. Ал бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін кеден заңнамасына сәйкес, тауарлар ел аумағынан кедергісіз шығарылады.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу