Қазақстан Президентінің туыстары қандай қызметтер атқара алмайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президентінің туыстары қандай қызметтер атқара алмайды?

18.04.2022

Саяси лауазымда отырған Президенттің туыстары қызметінен кетеді. Қазір Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланып жатыр. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. 

Асима Нұрбайқызы, тілші:
Мемлекет басшысы Жолдауда саяси реформалардың 10 бағытын ұсынған болатын. Олардың арасында Президент өкілеттілігі де айтылған еді. Бүгін Әділет министрі Мемлекет басшысының жақын туыстарына кімдер жатқызылатынын атады. Сонымен, тізімге Президенттің ата-анасы, балалары, асырап алушылар кіреді. Ата-анасы бөлек ағайындардың аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі немерелері де жатады. Президент жекжаттары, ерлі-зайыптылардың жақын туыстары да басшылық қызметте бола алмайды. Осылайша, олар енді Премьер-министр, Сенат, Мәжіліс төрағасы, министрі, облыс, аудан, тіпті ауыл әкімі де бола алмайды. «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда да басшылық қызметке жол жоқ. Министр суперпрезиденттік пен Президенттік форманың аражігін де түсіндірді.

Заң жобалары қазір әзірленіп жатыр. Парламенттің қарауына биыл тамыз айында, ал жыл соңында оларды қабылдау жоспарланып отыр.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу