Ақтөбеде прокурорлық тексерістен соң коммуналдық қызмет тарифі төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде прокурорлық тексерістен соң коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

18.04.2022

Монополияға қарсы департамент пен прокуратура мамандары қаланы сумен және жылумен қамтамасыз етіп отырған мекеме жұмысын тексеріп, бірнеше заң бұзушылықты анықтады. Монополист компания құны 892 миллион теңге болатын сумен жабдықтау, су бұру және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарын орындамаған. Нәтижесінде, мекемеге 9,3 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ тариф сумен жабдықтау қызметтері бойынша 2,16 пайызға, су бұру жұмыстарына 0,37 пайызға, жылумен жабдықтауға 4,31 пайызға төмендеді.

Жәнібек Еспанов, Астана ауданы прокуратурасының бөлім бастығы:
Сомалар тұтынушыларға кері қайтару арқылы өтеледі. Енді бұл сома тұтынушылардың қолына берілмейді. Енгізілген жаңа тарифпен алдағы келетін тарифпен төмендетілген бағамен коммуналдық қызметтер есептелетін болады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу