16 837 ресейлік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 837 ресейлік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды

18.04.2022

Қаңтар мен наурыз айларында 17 мыңдай ресейлік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Көрші елден келушілердің басым бөлігі Қызылорда облысында тіркелген. Мұнда 2 жарымға жуық ресейлік келіпті. Алматы қаласына 2 мың, Батыс Қазақстан облысына мың жарымнан аса адам келген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда 8 мыңдай ресейлік Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген. Ақпан-сәуір айларында осы елде тұрақты тұру үшін 677 өтініш қабылданды. Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алуға 170 ресейліктің өтініш білдірген, жалпы тұрақты тұруға рұқсат сұрағандардың саны да көбейіп келеді.

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу