Бүгін Украинаның Киев, Львов, Днепропетровск қалаларында бірнеше дүркін жарылыс болды. Львовта Ресей армиясы әскери нысандарды бомбалағанда, 6 адам қаза тауып, сегізі жараланған. Ал, Днепропетровскте 2 тұрғын зардап шекті.
Сонымен қатар Ресей әуе күштері Николаев пен Харковьқа да соққы берді. Жалпы алғанда, Ресейдің әскери авиациясы өткен түні Украинада 315 нысанды қиратқан. Қоршаудағы Мариупольдегі жағдайға тоқталсақ, ондағы «АзовСталь» зауытына орналасқан украин жауынгерлері Ресейдің қару тастап, берілу туралы ультиматумын орындамады. Украина премьер-министрі мәлімдегендей, украин сарбаздарының берілуге ниеті жоқ және Мариуполь «әлі құламаған».
Арыстан Рысбек