Бүгін Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады. Серік Жұманғариннің сөзінше, сұйытылған мұнай газын сататындардың қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 5,5 миллиард теңгенің заң бұзушылығы анықталған. Автомобиль газын саудалайтын 193 мекемеге 103 миллион теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек қазіргі уақытта «Eurotransit Nur Zholy», «Қазфосфат», «Қазақмыс» корпорациясына және «Каскор-Транссервис» акционерлік қоғамына қатысты, тергеу амалдары жүріп жатыр. «Қазақстан Темір жолы», «Қазақтелеком», «Аймақ», «Транстелеком» сияқты акционерлік қоғамдарда, сауда нарықтарына монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерін анықтау үшін талдау жүргізіліп жатыр.
Шерхан Жамбылұлы