Елімізде баламалы қуат көдерінен өндірілетін электр энергиясы 30 пайызға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баламалы қуат көдерінен өндірілетін электр энергиясы 30 пайызға артты

18.04.2022

Елімізде баламалы қуат көдерінен өндірілетін электр энергиясы 30 пайызға артып, 4 миллиард кВт сағатқа жетті. Бұл барлық энергияның 3,7 пайызы. Жасыл энергетикада көш бастап тұрған жел электр сансалары. Жаңартылатын қуат көздері өндіретін энергияның 40 пайыздан астамы соған тиесілі. Одан кейін күн электр стансалары мен шағын су стансалары. Ал биоэлектр стансалары өндіретін тоқ әзірге 3 миллион кВт-тан аспайды. Айта кетейін әлемде баламалы қуат өндіру жағынан көш бастап тұрған Қытай, АҚШ және Германия. ТОП-3 елдердің үлесіне жаңартылатын энергияның жартысынан астамы тиесілі. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу