Пәтерақыны субсидиялау үшін аз қамтылған отбасылардан өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәтерақыны субсидиялау үшін аз қамтылған отбасылардан өтініш қабылдау басталды

18.04.2022

Пәтерақыны субсидиялау үшін аз қамтылған отбасылардан өтініш қабылдау басталды. Оны Отбасы банкінің сайты арқылы тек онлайн беру керек. Бағдарламаға сай мұқтаждарға пәтерақысының жартысын мемлекет есебінен төлеп беру көзделген. Қалған 50 пайызын жалға алушының өзі төлейді. Бірақ төлем барлығына тағайындалмайды. Тек баспанаға мұқтаж ретінде үй кезегінде тұрған: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған немесе толық емес жанұялар ғана жәрдемге үміт арта алады. Әрі отбасының табысы жан басына шаққанда 36 мың теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ мына талапты ескеру керек. Отбасы мүшелерінің саны үш адамға дейінгі жанұя 40; ал бес адамға дейінгілер 60, алты және одан көп мүшесі бар отбасы 80 шаршы метрге дейінгі үйлерді ғана жалдауы қажет.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу