Қаңтар мен наурыз айларында 17 мыңдай ресейлік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Көрші елден келушілердің басым бөлігі Қызылорда облысында тіркелген. Мұнда 2 жарым мыңға жуық ресейлік келіпті. Алматы қаласына 2 мың, Батыс Қазақстан облысына мың жарымнан аса адам келген. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, сегіз мыңдай ресейлік Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген. Ақпан-сәуір айларында осы елде тұрақты тұру үшін 677 өтініш қабылданды. Бұған дейін Қазақстан азаматтығын алуға 170 ресейлік өтініш білдірген. Қазір жалпы тұрақты тұруға рұқсат сұрағандардың саны да көбейіп келеді.
Ламбриан