Алматы облысында өткен жылы 24 ана көз жұмған. Жас босанған әйелдердің қазасы негізінен Қарасай, Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қалаларында тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың дені коронавирус жұқтырғаннан кейін басқа да індеттердің қозуынан қайтыс болған. Бұл дегеніміз «Дені сау ұлт» жобасының өз деңгейінде орындалмауы. Қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін мамандарды оқытуға, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға ден қойылмақ. Сондай-ақ нәресте өлімі де азаймай отыр. Басты себеп - маман тапшы.
Өмірзақ Ниязбеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда Алматы облысында 292 дәрігер жетіспеушілігі бар. Соған қарай қазіргі таңда Алматы облысының әкімі бізге тапсырма беріп отыр. Біріншіден ол үй мәселесі шешілу керек. Екіншіден әлеуметтік пособиелерін көбейтуге жұмыс, әрекет істелініп жатыр.