Нұр-Сұлтан мен Алматының 11 ірі нысанына «мина қойылды» деп қоңырау шалған ер адам ұсталды. Ол 36 жастағы Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті бұзақылық ниетпен қылмыс жасағанын мойындап, қамауға алынды. Енді ол 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда түрлі мекеменің электрондық мекен жайына, жарылғыш зат орнатылды деген жалған ақпарат тараған еді.