Каспий құбыр консорциумындағы апаттан елімізге 100-150 млдр теңге шығын келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр консорциумындағы апаттан елімізге 100-150 млдр теңге шығын келген

19.04.2022

Каспий құбыр консорциумындағы апаттан қазірдің өзінде елімізге 100-150 млдр теңге шығын келген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Ал, Мәскеуге шұғыл барған Энергетика министрі бастаған делегация кеше консорциум басшылығымен кездескен еді. Алайда, әзірге бұл жүздесуден де нақты нәтиже жоқ. КТК терминалындағы ақау ел эномикасына қалай әсер етуі мүмкін? 

КТК құбырындағы апаттың болғанына бір айға жуықтады. Наурыздың 23 күні Қаратеңіздегі Новосибирск мұнай терминалында танкерлерге мұнай тиеуге мүмкіндік беретін үш жабдық істен шыққан еді. Ресей тарапы қатты дауылдың кесірінен құрылғыларға зақым келді деген уәж айтқан. Бір кешен ғана бірнеше күннен кейін іске қосылып, қазіргі таңда мұнайдың 60 пайызын жүктеп жатыр. Қалған екеуі әлі күнге қалпына келтірілген жоқ. Салдарынан еліміз тәулігіне 320 мың баррельді экспорттай алмай отыр. Ел қазынасы қомақты табыстан қағылуда.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Қазіргі кезеңде нақты санды екшім айта алмайды. Өйткені бәрі келген ақаудың қанша уақытта жойылатынына, санкциялар әрі қарай жалғаса ма, соған байланысты. Ал жалпы шығын 100-150 миллиард теңге шегінде бағаланып отыр. Егер ақау тезірек жойылса, шығын да сәйкесінше аз болады. 100-150 млрд теңге шегі дегенде Каспий құбыр консорциумы туралы ғана айтып тұрмын.

Апаттан бері 28 күн өтсе де не себепті жөндеу жұмыстары әлі басталмады? Мәскеуге шұғыл жеткен Энергетика министрі Болат Ақшолақов кеше осы сауалды консорциум басшысына қойған. Бірақ, кездесуден теңіз терминалының қызметі қашан толық іске қосылады деген сауалға тұшымды жауап естімедік. КТК басшылығы мұнай құю құрылғыларын қалпына келтіруге қолайсыз ауа-райы ырық бермей тұр дегеннен жаңылмай келеді. Бұған дейін батыс сарапшылары апатқа дауыл себеп болды деген уәжге күмән келтірген еді. Қазақстандық қара алтын экспортының бәсеңдеуіне Ресейге салынған санкцияның салқыны себеп болуы ынтимал дейтін отандық сарапшылар да жоқ емес.

Абзал Нарымбетов, сарапшы:

Енді сол Новороссийск қаласын қарайтын болсақ, онда болмаған бір оқиға бораннан бұзылды деген ресми ақпарат. Бірақ жиырма жылдың ішінде ондай оқиға болмаған. Шетел компаниялары негізі 100 жылға боранға төтеп беретіндей сапада жасалған. Сосын бір совет уақытына келетін борт бар оған ештеңе қылмаған. Бәлкім ол ықтау орналасқан ба білмедім. Оны зерттеу керек. Оны зерттейтін де, адамдарды көретін де тәуелсіз бақылаушылар жоқ та қазір. Олар көрсе, мүмкін басқа пікір қалыптасады. 07:33 Бірақ біз ресми ақпаратқа сенеміз. Ресми сол жердегі жұмысты артқаратын жергілікті компанияға ғана сенеміз.

Қазіргі таңда еліміз мұнай экспортын қарпына келтіру үшін Атырау-Самара, Атасу-Алашаңқай мұнай құрларының және Ақтау портының өндірістік қуатын арттыруға тырысып бағуда. Бірақ, бұл әрі кетсе қосмыша 16 миллион тонна қара алтынды сыртқа сатуға мүмкіндік береді. Демек, бәрін қосқандың өзінде КТК мұнай құбырына балама бола алмайды. Себебі, отандық мұнайдың үштен екісі Қара теңіз арқылы Европаға жөнелтіріп жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Энергетика министрінің айтуынша, терминал қызметі сәуір айының соңына дейін іске қосылмаса, Қазақстан кемінде бір миллион тонна мұнайды экспорттай алмауы мүмкін. Бюджет кірсінің үштен бірі қара алтын сатудан түсетінін ескерсек, КТК құбырындағы ақау елдегі экономикалық ахуалға әдуір әсер болары анық.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу