Алматыда жасөспірімдердің мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жасөспірімдердің мәселелері талқыланды

21.04.2022

Білім беру ұйымдарындағы технологиялар мен тәжірибелерді қолданудың түрлі әдістері талқыланды. Мәселе кәмелетке толмағандарға қатысты. Алматыда өткен шараға шетел ғалымдары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, психологиялық-педагогикалық идеяларды талқылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, дарынды балалар мен ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға психологиялық көмек беру де сөз болды. Конференцияда айтылған ұсыныстар мен пікірлер психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіріп, олардың кәсіби құзыретін арттыруда әдістемелік құрал болады, дейді ұйымдастырушылар.

Есенғазы Иманғалиев, ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

Психологиялық қызмет 2014 жылы жергілікті аймақтарға беріп тастаған. Бұл құзыретті біздің комитетке беріп отыр. Сол құзыретті пайдалана отырып, біз осы жұмысты жүйелі түрде жүргізгелі отырмыз. Сондықтан осы басқосу бірінші бастамасы деп айтуға болады.


Хабарламаларға жазылу