Негізгі капиталға қаржы тарту жұмысын жандандыру қажет. Премьер-министр инвестициялық штаб отырысында осы бағытты бақылауда ұстауды тапсырды. Жоспарды орындауда Шымкент қаласы, Ақтөбе және Қостанай облыстары көш басында. Бірақ, Солтүстік, Батыс Қазақстан мен Қызылорда өңірлері артта қалып отыр. Ал, мемлекеттік органдар арасында ауыл шаруашылығы, индустрия және цифрлық даму министрліктері межеден сүрінбеген. Мәдениет және спорт пен денсаулық сақтау ведомстволары жоспарды орындамаған. Сондай-ақ жиында Қазақстанда «Valmont Industries» компаниясының машиналар өндірісін дамыту жайы қаралды. Бұл фермерлерді сапалы жабдықпен қамтуға және инфрақұрылмның дамуына ықпал етеді.
Нысаналы Ығыл