Қарағанды облысына қант жеткізушілер бағаны бір мезгілде және бірдей сомада көтерген. Яғни, кәсіпкерлер мұны өзара келісіп жасауы мүмкін, дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің өкілдері. Ал бұл заңға қайшы. Өңірдегі қант нарығының 35 проценттен астам үлесін қамтамасыз етіп отырған 4 бірдей компания көтерме бағаны 20, ал бөлшек саудада 39 процентке өсірген. Егер олардың өзара сөз байласып құйтырқы әрекет еткендері расталса әкімшілік жауапқа тартылады.
Таңшолпан Жаңабаева, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қарағанды облысы бойынша департамент басшысы:
Бүгінгі таңда сол бұзушылықтарды тоқтату бойынша оларға хабарлама енгізілді. Хабарламаның уақыты алған күннен бастап 30 күн деп есептеледі. 30 күнде олар бізге жауап беру керек. Жауапты орындадық, не орындамайтын болса оны да хабарлайды немесе хабарламаға жауап қайтармаса ол бізде орындалмаған болып есептеледі де, әрі қарай оларға тергеп-тексеру жұмыстары жалғастырылады.
Руслан Нұрланұлы