Асхат Аймағамбетов: Мектеп жарамсыз болса, балалар басқа ғимараттарда оқуын жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Аймағамбетов: Мектеп жарамсыз болса, балалар басқа ғимараттарда оқуын жалғастырады

21.04.2022

Жалпы мектептердің күнделікті мәселесі мен білім беру саласындағы сан түйткілді талқылауға арналған Ұлттық арнаның «Жедел желі» атты жаңа жобасы бүгін 20:30-да эфирге шығады. Бағдарламаның алғашқы қонағы – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Павлодардағы мектептің өртенуіне қатысты пікір білдірді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Қазір ғимараттың өзіне толық тексеру жүргізіледі. Тиісті қызметтер өрттің себебін анықтайды. Егер әрі қарай оқуға еш қауіп болмаса, балалар оқуын жалғастыра алады. Әзірге олар уақытша қашықтан оқи береді. Ал ғимараттың жарамсыз екені анықталса, әкімдік оқушылардың оқуын басқа ұйымдарда жалғастыру шараларын қарастырады.


Хабарламаларға жазылу