Рудныйдағы колледждің 70-тен астам студентінің астан улануына байланысты, полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Алайда, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми ақпарат берген жоқ. Ал, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, медицина мекемесіне жүгінгендер өздерінің жүректері айнып, құсқандарын айтқан. Олардың жағдайы жеңіл және орташа деп бағаланып отыр. 14 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандарына алғашқы көмек көрсетілген соң. үйлеріне жіберілген. Олар да дәрігерлердің бақылауында болмақ. Ал студенттердің асты сол күні қайдан ішкені, қандай тамақтан уланғаны әзірге белгісіз.