Жамбылда көкпар мен аударыспақтан ересектер арасында ел чемпионаты басталды.
Дүбірлі додадаға 14 өңір мен 3 қаланың көкпаршылары қатысуда. 300-ге жуық шабандоз алдымен сап түзеп, қарсылас командаларын айқындап алды. Аударыспақ сайысында қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түссе, көкпардан жекелей және командалық есепте 3 орынға таласады. Спорттық бәсеке 10 күнге жалғасады. Жеңімпаз атанған шабандоздар Ұлттық құраманың сапына ілігеді.
Құрманбек Тұрғанбек, көкпаршы:
Барлық облыстан командалар келген. Осы жарысқа біз «Әулие-ата» командасы 1,5 ай дайындық, оқу-жаттығу өткізіп, дайындалып келдік. Бірінші ойында үштікте жүрген Атырау командасымен ойнап 7,2 есебімен ұттық.