Ақмола облысында Мемлекеттік кірістер департаментін тексеру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында Мемлекеттік кірістер департаментін тексеру ұсынылды

21.04.2022

Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметтік

тексеріс жүргізу керек. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қаржы министріне осындай ұсыныс жолдамақ. Себебі өңірдегі бизнес өкілдерінің салық органына арыз-шағымдары көп. Мараториге қарамастан, кейбір шағын бизнес нысандары тексерілген. Сот салық органының бұл әрекетін заңсыз деп тапқан. Сондай-ақ, құрылыс саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерге де Мемлекеттік кірістер департаменті жоспардан тыс тексеріс тағайындаған. Мұндай мысалдар көп дейді кәсіпкерлер.

Рустам Жүрсінов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл:

Ақмола облысындағы жағдай ерекше талқылауды қажет етеді. Мұнда Мемлекеттік кірістер департаменті тарапына сұрақтар, арыз-шағымдар көп. Соттасып жатқан кәсіпкерлер де бар. Осы мәселелердің барлығын жинақтау қажет. Ол ақпаратты Қаржы министріне жолдап, қызметтік тексеріс өткізуді сұраймын. Оның нәтижесіне сәйкес нақты шешімдер болады деп ойлаймын. Біз де өз ұсыныстарымызды айтамыз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу