Асхат Аймағамбетов: 260 мың педагог ұлттық біліктілік тестілеуден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Аймағамбетов: 260 мың педагог ұлттық біліктілік тестілеуден өтті

22.04.2022

Елімізде 260 мың педагог Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсырды. Сыннан сүрінбей өтіп, тиісті категорияларын алған ұстаздар ай сайын еңбекақыларына 30-дан 50 пайызға дейін үстемақы алып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі арнамыздағы жаңадан шыққан «Жедел желі» интерактивті бағдарламасында айтты. Президент тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көбейсе, біліктілігі мен білімін дәлелдей алғандар қосымша қолдауға ие болады деді ведомство басшысы. Сонымен қатар, өткен жылы педагогикалық жоғары оқу орындарын тәмамдаған 32 мың студент Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсырды. Өкінішке орай, олардың тек 10 пайызы ғана өз білімдерін дәлелдеген.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Алдыңғы жылы бізде мұғалімдерді дайындайтын 86 университет болды. Біз осы емтиханды өткізгеннен кейін қарадық. Қай университеттің түлектері тесті төмен тапсырды. Соған қарап, 36 университеттің лицензиясын қайтып алдық.


Хабарламаларға жазылу