Әйел мен бала құқығына қатысты заң күшейді. Оларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы инспекторлар жұмысына ерекше мән беріледі. 50-ге жуық дағдарыс орталығы жәбірленушілерге заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Бүгінде 2700-ден астам әйел осы дағдарыс орталығына орналастырылған. Бұдан былай әйелдер мен балаларға жасалған қылмыстың бетін ашатын әйел тергеушілердің саны артады. Өйткені жапа шеккен әйелдер көбіне әйел тергеушіге сенеді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрілігі осыған қатысты тағы бір заң жобасын Парламентке ұсынған.
Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы:
Учаскелік полиция инпекторлары жәбірленушінің пікірін ескермей тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша нұсқамасын өз бетінше шығару жөніндегі өкілеттілігін кеңейту. Бұл норма құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге ықпал етеді. Отбасылық жанжалдың мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді.