Қарағандыда дәрігерді ұрып, дөркелік көрсеткен. Қаладағы ауруханалардың біріне қол жарақатымен түскен науқас кезекші травматологқа жұдырық ала жүгірген. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кетті. 1986 жылы туған науқасқа «оң қолдың жабық ұсақталған сынығы» диагнозы қойылып, бекіту таңғышы салынды. Осыдан кейін сүйектің қайта ығысуын болдырмау мақсатында науқас хирургиялық емдеуге жіберіледі. Алайда ол гипс қолданудан бас тартып, дәрігерге дүрсе қоя берген. Тіркелген факт бойынша процессуалдық шешім қабылданады, дейді полиция өкілдері.