Дәрігерлерге дөрекі сөйлеп, жұдырық ала жүгіру қоғамның дертіне айналды. Онсыз да маман тапшылығы өзекті саналатын салаға кері әсерін тигізіп жатыр. Бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында осындай түйіткілдер талқыланды. Мамандар отандық денсаулық саласындағы ең маңызды мәселелерді сөз етті. Қазір өңірлермен қатар қалалық жерлерде білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан жоғары сапалы кадрларды даярлау деңгейін арттыруды қолға алу қажет, дейді. Отырыс барысында медицина қызметкерлерін қорғау, әлеуметтік қолдаудың тәсілдері пысықталды.
Маржан Бірімжанова, PhD докторы, доцент:
Неанотолог жетіспейді, ауылдық жерлерде жалпы тәжірибелік маман жоқ. Дәрігерлерді әлеуметтік қолдау мәселесі де бар.
Жазира Оразқызы