Елімізде ерекше күтімді қажет ететін балалардың 40 пайызы ғана балабақшаға барады. Себебі оларға арналған мекеме аз, бала көп. 14 мың бүлдіршін кезекте тұр. Инклюзивті бағытта 2900 орталық жұмыс істегенмен, олардың барлығы талапқа сай деуге келмейді. Өйткені, жуырда кемтар бүлдіршіндерге қорлық көрсеткен орталық сенімге селкеу түсіргені жасырын емес. Тілшіміз Раушан Сайлауқызы инклюзивті орталықтардың біріне барып келді.
Бұл балабақшаның айырмашылығы - ерекше балаларды тәрбиелейді. Бірі сөйлей алмайды, енді бірінің психологиялық дамуы кеш. Олар айрықша күтімге зәру. Сондықтан әр топтағы тоғыз балаға төрт тәрибеші қарайды. Қызметкерлер түрлі тәсілмен балалардың ой өрісін дамытуға күш жұмсайды.
Виктория Сковородка, «Жас ұрпақ» балабақшасының меңгеруішісі:
Эмоциналды түрде жұмыс оңай емес. Десе де біздің басты мақсатымыз әр баланың жетістігін көру. Жұмысымыздың нәтижесі өкрінсе ұжым болып қуанамыз. Ең үлкен бақыт та сол. Бүлдіршіндерге үнемі бақылау керек, күтім қажет. Бірақ кәсіби маман табу қиын. Сондықтан біз барлық қызметкерлерімізді білкітілікті арттыру курсынан тұрақты өткізіп тұрамыз.
Өкінішке қарай мұндай орталықтардың саны аз, бірақ бала көп. Елімізде 2-6 жас аралығында 24 мың бала түрлі дертке шалдыққан. Оның 10 мыңы ғана арнайы балабақшаға барады. Қалғандарына орын жоқ. Кезекте тұр. Ал инклюзивті орталық саны 3 мыңға жетпейді. Барының өзінде қызмет сапасына күмән көп.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Тәрбиешінің айлық жалақысы дұрыс болған кезде қалдық принциппен емес, осы мамандықты сүйіп, қызығушылық танытып, қарымы бар адамдар келе бастайды. Соның ішінде таңдау болады. Қазір таңдау жоқ. кадр тапшылығы бар Білім министрлігі стандарттарды даярлап берсін. Білім беру бағдарламаларын даярлап берсін. Кадр мәселесін реттеу керек. Жергілікті атқарушы органдары барлық балабақшаны тізімге алып, Атамекен кәсіпкерлер палатасымен бірігіп қызмет сапасын қарасын.
Қазір Жұлдыз Сүлейменова осы мәселелерді қаузап, депутаттық сауал әзірлеп жатыр. Өйткені, ерекше санаттағы балаларға арналған арнайы бағдарлама бізде әлі жоқ. Министрлік бұл жұмысқа бұған дейін кіріспеген көрінеді.
Әйгерім Күдеринова, ҚР БҒМ арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры:
Бағдарламаларды қайта қарастыру жүріп жатыр. Балабақшаның стандарты да қайтадан қаралып жатыр. 12:30 Мектепке қарағанда балабақша тәрбиешілері ақшаны аздау алады. Бұл сұрақ та көтеріліп жатыр.
Дегенмен, үздіксіз жұмыс, ерекше күтім, қатаң қадағалау мен шексіз мейірім, мұндай балаларды алға жетелейді. Олардың қатарға қосылып, қалыпты өмір сүруіне мүмкіндіктері бар.
Гүлдана Көшекбаева, «Жас ұрпақ» балабақшасының тәрбиешісі:
Келген кезде балалар қалам ұстамайтын, сөйлей алмайтын. Стол басында отыра алмайтын. Қазір біздің балалар жұмыс жасайды. Сандарды таниды, әріптерді біледі. Оқи алады. Өлең айта алады. Тақпақ айта алады. 12:19 біздің топтың балалары мектепке дайын.
Яғни бұл дегеніміз кезекте тұрған 14 мың бала уақыт жоғалтпауы тиіс. Ал өткенде балаларға қорлық көрсеткен балабақшаның жұмысы қазір тоқтап тұр. Тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Раушан Сайлауқызы