Оқу жылы 25- мамырда аяқталады. Бірақ, білім сапасын арттыру мен пандемия кезінде олқылықтардың орнын толтыру үшін, жазғы мектептер ашылады. Бұл туралы кеше Ұлттық арнаның «Жедел желі» бағдарламасында Асхат Аймағамбетов айтты. Министрдің сөзінше жазғы мектептерде сабақтар әдеттегі форматта өтпейді. Ал білім ошағына бару ерікті түрде болмақ. Бір сағат он минутқа созылған сұхбат барысында еліміздің бас мұғалімі саладағы өзекті мәселелерге жауап берді.
Мектепте мұғалімдерге артық құжат толтыруға мәжбүрлейтіндер жауапкершілікке тартылады. Қазір білім ошақтарында ұстаз небәрі 2 құжат толтыруы тиіс. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал, электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заң бұзушылық, - деді министр. Сонымен қатар, мұғалімдерді мерзімді басылымдарға жазылуға, көше тазалауға міндеттегендер де жазаға тартылады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл - бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып, немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз.
Білім бағдарламасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Мәселен Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Енді жоғары оқу орындарында "Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының" орнына "Қазақстан тарихы" пәні оқытылады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Мысалы 6-сыныпта біздің оқушылар олар 5-ғасырдан 18-ғасырға дейін бір сыныптың ішінде, бір жылдың ішінде бәрін зу еткізіп өтіп шығады. 30:34 Ал бірақ бұл қазақ үшін, Қазақстан үшін қандай кезең болды. +32:53 - 33:05 Біз тарихты басқаша қарап жатқан жоқпыз. Біз тек қана оны мектепте қалай өтеміз, балалар оны қалай жақсы түсінуі керек.Және де өзінде сондай отансүйгіштік пайда болуы, оны дамытуы үшін істеліп жатқан жұмыс.
Елімізде 260 мың педагог Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсырды. Сыннан сүрінбей өтіп, тиісті категорияларын алған ұстаздар ай сайын еңбекақыларына 30-дан 50 пайызға дейін үстемақы алып отыр. Жалпы білім және ғылым министрінің қатысуымен өткен жедел желіге көрермендерден 2,5 мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Барлық сауал назарға алынады. Алдағы уақытта да бағдарламаға билік тізгінін ұстаған шенділер келіп, халықтың сұрағына тікелей эфирде жауап береді.
Шерхан Жамбылұлы